Бүркіт, Аиша - Айналайын
Ел эстрадасындағы ең көрікті жұптың бірі саналатын Бүркіт пен Аишаның бір-біріне деген шексіз махаббатына қызыға қарайтындар жетерлік. Тек қана көңілді әндермен көпшілікке шаттық сыйлап, адамның бойына жылулық пен ыстық сезім самалын тарататын дуэттің өзіндік стилі қалыптасқан. Қос ғашықтың бір-бірін еркелете айтқан әндері келешек жастарды ұлы сезімге адал болуға шықырып тұрғандай. Керемет жұптың түсірген "Айналайын" атты бейнебаяны жаныңызға жылу сыйлары анық. Себебі болашақ ана атанғалы тұрған Аишаның әдемі қимылы мен, қырандай құлаш сермеп ән айтатын Бүркіттің әсем биі әдемі үйлесімін тапқан.