Қазақстандағы жұлдызды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша тағы да тыңдармандарын тың бейнебаянмен қуантты. Еліміздің атақты әртістеріншытырман оқиғаға толы көріністерден көруге болады. Әгугай деп аталатын әуезді ән көңілді бір серпілтіп алады. Бүркіт пен Аишаның әрбір өлеңін зор ықыласпен тыңдап, әрдайым демеу көрсетіп жүретін жанкүйерлері тіпті кино түсіру керек деген де ұсыныстарын білдіріп жүр. Шетелдің атыс-шабыстарын тамаша үйлестірген Егор Лымарев режиссерлік қасиетін барынша көрсетіпті. Сонымен Дәулет Болатовтан кейін Әгугай деп шырқалған әнді назарларыңызға ұсынамыз. Ал, келесі видеодан тамаша дүниенің қалай жасалғанын байқауға болады.