Біржан Назаров – Кетемін дейсің бе?
Заманына қарай адамы, өміріне қарай өлеңі. Иә, бүгінде ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп үйренген шолжаң қыздардың тұрмысқа шыққаннан кейін сәл қиындық туса айтатын сүйікті сөзі – "Кетемін". Осындай келіндерге жауап ретінде Біржан Назаров ән де шығарыпты. Мәтінінде жас келіндерге ой саларлық аса ақыл сөз кездеспегенімен, көріп, көңілді бір көтеруге жарайтын клип түсірген екен, өзіңіз көріп, бағасын беріңіз.