Бота Әлімхан – Саржайлау

Жазира, жасыл кілем өрнектеген,

Туған жерге, дариға, жер жетпеген

Саржайлауым!

Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем,

Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем,

Саржайлауым!

 

Саумал бұлақ – балдай дәрім,

Салқын самал – баурайларың,

Саялаған, беу, туған жер,

Сағындырған, Саржайлауым!

 

Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!

Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем

Саржайлауым!

Басқаның жерұйығын неғылайын

Жерұйығы өзімнің қасымда екен!

Саржайлауым!

 

Жадырап, жұтайыншы тау самалын,

Осы еді ғой сағынып аңсағаным.

Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,

Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.

Сөзі: Мұқағали Мақатаев