Қос ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл жай бұра, Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра дегендей, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген қазақтың аспабы керемет үнімен тыңдаған жанды бірден баурап алады. Сонау күй атасына айналған Құрманғазыдан бастап бүгінгі жас толқынға дейін көңілді жерлерде күмбірлетіп отырып ән шырқап жатады. Күй десе, ең алдымен көненің әуезді музыкалары бірден есімізге түсетіні жасырын емес. Балбырауын, Адай, Сарыарқа сынды күйлерді тыңдаудан жалықпаймыз. Алайда, бүгінгі дәуірде де тамаша күйшілер мен оны шағаратын жандар барын ұмытпағайсыздар. Соның бір дәлелі ретінде Болат Мажағұлов, Секен Тұрысбек және Ренат Гайсиннің орындауындағы Ұлы дала атты жаңа әуенді назарларыңызға тарту етеміз. Сыбызғы мен домбыраның керемет дауысын үйлестірген таланттардың өнерін тамашалаңыздар.