Бейбіт Қорған - Шалқы менің шұғылам
Көптен бері көпшілік назарынан таса болған Бейбіт Қорған тыңдармандарына тағы бір жаңа әнін тарту етті. Қырғыздың "Шоқ қыздарын" қазақшаға аударып той-думанның гүліне айналған өнер иесі араға біраз уақыт салып "Шалқы менің шұғылам" деп әндеткен екен. Көне заманның ғұрпы мен бүгінгінің бейнесін үндестіріп көрсете білген жұлдыздың жаңа бейнебаянына жақсы пікірлер айтылып жатыр. Тың оймен жасалған клипті тамашалап, қандай пікірде қалғаныңызды бөліссеңіздер болады.