Беркут & Аиша – Түф
Сағынсаң төркініңе барып кел,
барып кел.
Бірақ та келеріңде анау-мынау
алып кел.
Көзіңмен ауылыңды бір сәт болсын
шалып кел,
Қара сиырың болса қорадағы
сауып кел.
Саған да жар керек,
маған да жар керек.
Қалып қойма үйіңде,
қалып қойма еркелеп.
Саған да шал керек
маған да жар керек.
Көп жатып алма енді ,
үйіңе қайт ертерек.
Қ-сы:
(екі рет қайталанады)
Т-ү-ү-ү-ф,қоймайсың,
Неге сонша ойнайсың.
Т-ү-ү-ү-ф,қоймайсың,
Сен әзілге тоймайсың.
Зеріксең шет елге де барып кел,
барып кел
Теңізге түсіп,күнге күйіп,
загар алып кел
Дубай, Маями, Стамбул саған ұнаса,
Әдемі суретіңді инстаграмға
салып кел.
Саған да жар керек,
маған да жар керек
Жүріп алма шет елде,
Жүріп алма еркелеп.
Саған да шал керек,
маған да жар керек
Жүріп алма шет елде,
Үйіңе қайт ертерек.
Қ-сы:(екі рет қайталанады)
Т-ү-ү-ү-ф,қоймайсың,
Неге сонша ойнайсың.
Т-ү-ү-ү-ф,қоймайсың,
Сен әзілге тоймайсың.
Ренжіме, құрысын
Айтайын дұрысын,
Мен үшін жаралған
Бағымның гүлісің.
Тағдырдың сыйысың
Жұпардай иісің,
Қартайғанды бірге
Тәңірім бұйырсын.
Саған да жар керек,
маған да жар керек
Сол үшін де сен әзіліме жүрме
Өкпелеп,
Саған да шал керек
Маған да жар керек,
Сонда да өзінше боп жүрмегейсің
еркелеп.
Қ-сы:
(екі рет қайталанады)
Т-ү-ү-ү-ф,қоймайсың,
Неге сонша ойнайсың.
Т-ү-ү-ү-ф,қоймайсың,
Сен әзілге тоймайсың.