Әні: Ұ.Жолдасов, сөзі: Р.Зайытов
Екеуіміз жүруші ек ән салып
Жұмғанда күн көзін
Бар ауыл қарайтын тамсанып
Мәңгі деп бұл сезім
Күтем деп қалып ең қайта алмай
Жас жуып көздеріңді
Ұмыттым бәрін де байқамай
Ұнаттым өзге гүлді
Қайран уақыт, қайран арман
Тәтті шақтар қайда қалған
Қол ұстасып айға барған
Мен бірақ бақ таба алмадым,
Сезімде бар ма айып?!
Саған да оралып бармадым,
Күтсең де сарғайып....
Сен қалдың тағдырға бағынып
Қош енді дей алмастан
Мен қалдым тағдырға бағынып
Кеш мені дей алмастан