Бауыржан Раxымбеков, Айнұр Байнулдинова – Қайтып келдің
Өмірдің мәні мен сәні бір қуантып, бір мұңайтқанында шығар бәлкім. Барлығы жақсарып, алға қойған жоспарларыңыз орындалып келе жатқанда, шошып оянған түстей көңіл жабырқап аянышты сезімде қалатынын кез әрбір пенденің басында болады. Осы кезде қайтадан ес жинап мақсатына жетуге ұмтылған жандар ғана бақыттың не екенін жақсы ұғынады. Тағдырдың тауқыметіне төзе біліп, айналасындағы құбылыстарды реттей алатын жандар өзге біреуге үлгі болып қалатыны да сөзсіз. Осы тұста Бауыржан Раxымбеков пен Айнұр Байнулдинованың орындауындағы "Қайтып келдің" атты тамаша туындыны назарларыңызға ұсынбақпыз. Аталған бейнебаянның сюжеті де керемет түсірілген. Туғанынан ақындық талабы байқалған азамат өзінің осы бір ерекше қасиетінің арқасында басқа жандардан ерек екендігін көрсетеді. Алайда күнделікті күйбең тіршілік үшін күрескен жары назын айтып үйінен кетіп қалады. Шығарған дүниесі ешкімге керексіз болып, жігіттің де амалы таусылады. Алайда, мұның барлығы өткінші екенін сезген ақын ары қарай талаптана береді. Клип соңында шығарманы сұлу да сымбатты әнші ару тауып алып үлкен жетістікке жетеді. Сюжет соңы шыдамдылық пен табандылықтың барлық мақсатқа жеткізетінін көз алдыңызға әкеледі.