Сүюді бақыт дейтіннің бәрі, әліде сүйіп көрмеген дегендей, махаббаттың жазасы ауыр болатынын ғашық болғандар жақсы біледі. Әсіресе, құлай сүйіп орта жолда қосағынан айырылып құлағандар үшін мәңгілік өшпес кезеңнін біріне айналады. Барлығы біткеннен кейін өкініш оты өртеп, қайта бастауға қанша тырысса да, екеуінің біреуінің тәкаппарлығы осы бір жағдайды қайталамауға тырысады. Бүгінгі Бауыржан Бимаханның түсірген керемет бейнебаяны да аянышты махаббатты суреттейді. Бақыттың бал ғұмырын кешіп жүрген қос ғашықтың арасына кенеттен жанжал кіріп, соңында сүйгенінен айырылған жігіт не істерін білмей дал болады. Ашу кезінде көлік жүргізген ару, темір тұлпардың қателік кешірмейтінін естен шығарып алса керек. Кетпейді деп, елесінен арыла алмаған жігіттің әнімен таныс болыңыздар.