Базар жоқ театрының әншісі Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман өзін әншілік қырынан сынап көрмекші. Енді-енді ел эстрадасына қадам басқан талантқа жағымды пікірлер жаудырып жатқандар жетерлік. Бақыт Тұрман өзінің жаңа бейнебаянын отбасына арнағанды жоспарлаған екен. Қайталай берем атыңды деп аталатын әуеннің сюжеті де отбасылық керемет кездерді көрсетеді. Сонымен жаңа әнші мен жаңа клипті тамашалаңыздар.