АЗия & Qanay – Қандайсың қандай

Қызғандырған, жүз жандырған

Жүрек тыншымай,

Қинайтын кеп жанды шымшылай.

Тәттісің-ай, қаттысың-ай, қандайсың қандай

О, махаббат жауабың бар ма?

Мәні не, нәрі не?

Ғашық болмай өтсек өмірден.

Күлдік не, сүрдік не?

Бір кемімен өтсе дүние.

Қайырмасы:

Қызғандырған, жүз жандырған

Жүрек тыншымай,

Қинайтын кеп жанды шымшылай.

Тәттісің-ай, қаттысың-ай, қандайсың қандай

О, махаббат жауабың бар ма?

 

Негізінде сүю оңай,

Жүректі де берді солай,

Адамзатты сүйген бір Құдай!

Байқамаймыз бас шайқаймыз,

Байқамайтын біз қандаймыз,

Көзі ашық зағип жандаймыз.

Қайырмасы:

Қызғандырған, жүз жандырған

Жүрек тыншымай,

Қинайтын кеп жанды шымшылай.

Тәттісің-ай, қаттысың-ай, қандайсың қандай

О, махаббат жауабың бар ма?

 

Оңға, солға қарама,

Махаббатты бағала.

Сүйген жаннан жаңылма,

Сен жаңылма.

Тула, тула жалында,

Ғашық жаның барында

Қайғы мұңға салынба.

Тек жалында.



Бөлісу: