Азамат Сабетов – Сені мен өзіме алып қалам
Ауылда жүріп отбасын құруды армандайтын жігіттердің барлығы қонаққа келген қыздарға көз қырын салып, болмаса көрші мекендердің сұлуларына көз салатыны бәрімізге белгілі. Әрине әр нәрсе өз орнымен. Бұрынғыдай аруды танымастан, түріне қарап алып қаша салатын заманның көзден бұлбұлдай ұшқаны қашан?! Танысып, білісіп бір-біріне серік боларын сезінгенде ғана үлкен өмірдің табалдырығын аттауға бел буатын жұптардың махаббаты да мәңгілік болмақ. Осы ретте Азамат Сабетовтың "Сені мен өзіме алып қалам" деген тамаша туындысын назарларыңызға ұсынамыз. "Үйлен" деп, айғайға басқан әулетіне келінді қайдан табамын деп отырған жігіттің бұл кезекте жолы болды. Ауылдарына ат басын бұрған үш сұлудың біріне көз қиығын салған жігіт, соңында өз бақыты екеніне көзі жетеді.