Азамат Есқұлов - Неге, неге?

Ақ көңілді, ақ арманым,
Не болып жүр саған жаным?
Қаншама рет ойлансамда,
Құпияңды таба алмадым.

Өзің едің айбынымда,
Түсірмеші қайғы-мұңға.
Кел жүзейік, келші-ау құрбым,
Махаббаттың айдынында .

Сенсіз атпас, құба таңым,
Сенсіз қалай, гүл атамын.
Жүрегімнің қалауысың,
Жалғыз сені ұнатамын.

Түсіме де сен кіресің,
Сүйем дейсің, сендіресің.
Неге, неге сезімімді,
Жанбай жатып сөндіресің.



Бөлісу: