Бабы таптырмайтын, біткен іске сыншы болуға дайын отыратын көпшілік Айдана Меденованың әндерінде мән жоқ, сарыны бір текті деп сөгуші еді. Сол көптің көңілінен шығып, пікірін өзгерткен ән бейнебаяны Махаббат аңызы деп аталады. Азамат Бекбергеновпен дуэт ретінде жазылған ән Қозы Көрпеш - Баян Сұлу фильмінің саундтрегі ретінде шыққан. Бейнебаянда фильмнен үзінділер ұсынылады.