Айкерім Қалаубаева - Өзің ғана

Әсем биімен, түрлі түске толы бейнебаяны мен нәзік дауысы арқылы халықтың жүрегінен орын алған Айгерім Қалаубаева жаңа әндерімен қайта оралды.

Қарасаң маған күліп,
Қаламын саған жылып.
Мені шын ғашық етті
Сендегі табандылық.

Келген бақ сыйлау үшін,
Тағдырдың сый бағысың.
Сен менің жүрегімнің,
Мәңгілік мейманысың.

(Қайырмасы)
Мен үшін сен, сен, сенің көзің әдемі
Ішінде мен, мен, менің бейнем бар еді.
Кеудемді сен, сен мекен еткен жан едің,
Өзің ғана

Мен үшін сен, сен, сенің күлкің әдемі
Себебі ол, ол жүрегімнің бар емі.
Мен үшін шын, шын махаббаттың әлемі
Өзің ғана

Бейнесін әр күнімнің,
Сен ғана мәнді қылдың.
Айналды сыңарына,
Тағдырым тағдырыңның.

Бақытты өмір үшін
Маған шын көңіл ұсын
Себебі жаралғанбыз
Біз бірге болу үшін.