Менің ойым тек сенде,
Сенің ойың өзгеде.
Жеткізе алмай сезімімді, жаным, айта алмадым.
Өткізе алмай сөздерімді қайта қайталадым.
Жаным алдадың ба?
Сүйгенің мені рас па?
Жалған сезіміңді таста!
Жігітің тұр алдында!
Өтіп кетіп барады аз уақытым,
Жүрегіңе жара саламын сенің, қара да тұр.
Көңілім суып саған бара жатыр, қара да тұр.
Махаббат деген осындай,
Кетерміз енді қосылмай,
Сонымен бәрі бітті солай.
Жұтынып қасыңа барамын,
Себепсіз жоғалып қаламын.
Сөздерімді айтар,
Өз санама қайтар
Мендегі сезімдердің парақтарын ақтар
Білсең не керегін,
Сүйсем деген едім,
Күлсең деген едім,
Жүрсем деген едім
Мен өзіңмен.
Жаным, өзіңмен