Айдана Меденова – Мазалама

Kesh You тобының алтын құрамында өнер көрсетіп, қазір жеке шығармашылығы арқылы қазақ мәдениетін дамытып жүрген әнші Айдана Меденованың бұл жолғы әні де, бейнебаяны да ерекше. Талғамы биік талант иесі жаңа образда, жаңа қырынан танылады. Қазіргі «қыздардың барлығы қымбат сыйлыққа, жігіттің байлығына ғана қызығады» деген стереотиптке қарсы шығатын «Мазалама» әнінің сөздері де мәнді.

Еліктірдің мені қатты, сөздеріңмен тәтті-тәтті,
Оңай жаулап алам дейсің мендегі бұл махаббатты.
Қажеті жоқ арзан гүлдің, гүлді күнде алып жүрмін,
Соған бола сүйіп қалсам, өзің айтшы сонда кіммін?!

Қайырмасы:
Айдан алқа тағып берсең де,
Жұлдыз жүзік салып берсең де,
Болмашыға алдана салар мен емес, мен емес.

Жүрегімді менің жазалама,
Шын сүймесең мені мазалама. 2 рет.

Еліктірдің мені тағы, бірақ жалған соның бәрі-бәрі,
Жүрегімді ұсынар ем, сөздеріңнің болса мәні.
Қажеті жоқ қымбат сыйың, ол мен үшін тұрар тиын,
Сыйлық беріп сатып алар – мендік жүрек емес бұйым.

Қайырмасы



Бөлісу: