Айбек Мұхаммедәли - Алыста

Есейгенде барлық адам баласының ойына бір сәтке болса да балалықтың қызық дәурені түсетіні анық. Асық атып, тай үйретіп, кең даланың сары топырағында ойнаған тәтті мезгілдерді еске алудың өзі бір ғанибет емес пе. Осындай керемет шақтың шағын көрінісін көз алдымызға әкелетін Айбек Мұхаммедәлидің "Алыста" атты жаңа бейнебаянын тамашалаңыздар.