Айбат Жанғалиев – Иә ма?
Жас ұлғайған сайын ер жігіт те, қыз бала да отбасы болу мәселесін ойлайтыны белгілі. Әсіресе жігіттер жағы ата қаздай жалғыз жүріп, сүр бойдақ атанбау үшін ертерек қамданады. Ал, сұлуларымыз өзінің инабаттымен, ибасымен өмірлік серігін күтіп жүріп, лайықтысына тұрмысқа шығады. Бүгін біз сіздерге бейнебаяны арқылы сүйгеніне сөз салған Айбат Жанғалиевтың "Иә ма?" атты жаңа әнін назарларыңызға ұсынбақпыз. Көңілді түсірілген клип сіздің де көңіліңізді бір серпілтіп тастайды.