Жарық дүние сыйлаған аналарға әрбір бала мәңгі қарыз. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, екі жыл омырауына салып, өмір бақи жүрегінде сақтайтын аяулы жандарға қандай жақсылық жасасаң да аздық ететіні белгілі. Бірақ, бұл үшін ешбір ана өз баласынан ештеңе дәметпейді. Тек, жаратқаннан аман болуын тілеп, соның қуанышына марқайып жүргенді қалайды. Әрбір адам қолынан келгенше аналарын аялап ұстауға тырысса, бойында таланты бар ақын жандардың шығармашылығын қарап отырсаңыз ана туралы бір өлең міндетті түрде тауып аласыз. Осы орайда Айбар Серкебаевтың Анашым атты керемет өлеңін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Баға жетпес асылдарыңызды барында бағалаңыздар.