Асылхан Шалқаров – Мама

Алыс кетсем, амандық тілейтін,

Ғажайып жан бар бұл әлемде.

Шалыс бассаң, абайлап жүр дейтін,

Тілекшім бар қатал өмірде.

 

Бар ғаламның байлығы жетпейтін,

Әлемде ғажайып сен ғана.

Алақаннан бал дәмі кетпейтін,

Сен қымбатсың, алтыннан да мама.

Ақ қағазға қалам алып жазып,

Ән арнаймын бір өзіңе ғана.

Ауырма, аман жүр арамызда

Ұрпағыңмен мың жасашы, мама.

 

Шексіз мейірім жүрегіне сыйған.

Бір өзіңсің, аяулым, мама.

Бар ғұмырын баласы үшін қиған.

Жалғыз жансың, ардақтым ана.

 

Бар ғаламның байлығы жетпейтін,

Әлемде ғажайып сен ғана.

Алақаннан бал дәмі кетпейтін,

Сен қымбатсың, алтыннан да мама.

Ақ қағазға қалам алып жазып,

Ән арнаймын бір өзіңе ғана.

Ауырма, аман жүр арамызда

Ұрпағыңмен мың жасашы, мама.

 

Қарызбын ақ сүтіңе, жан анашым.

Тербеткен тал бесікке бар баласын.

Ана деген сөзбенен тілімді ашып,

Тәрбиелеп жеткізген, сен данасың.

Анам!