Асылхан Шалқаров - Мама

Алыс кетсем амандық тілейтін,
Ғажайып жан бар бұл әлемде.
Шалыс бассам абайлап жүр дейтін,
Тілекшім бар қатал өмірде.

Қайырмасы


Бар ғаламның байлығы жетпейтін,
Әлемдегі ғажайып сен ғана.
Алақаннан бал дәмі кетпейтін,
Сен қымбатсың алтыннан да мама.

Ақ қағазға қалам алып жазып,
Ән арнаймын бір өзіңе ғана.
Ауырма, аман жүр арамызда,
Ұрпағыңмен мың жасашы мама!

Шексіз мейірім жүрегіне сыйған,
Бір өзіңсің аяулым, анам.
Бар ғұмырын баласы үшін қиған,
Жалғыз жансың ардақты анам.