Қазақтың тойы біткен бе? Әр дәуірдің өзінің сал-серісі, ақын-жазушысы, әнші-күйшісі болған. Мұндай талантты жандар қуаныштың көрігін қыздырып, думанды күннің сәнін келтірген. Сол көне заманның асыл мұрасы осы ғажап дәуірге де жетті. Әрбір той өткізуші әулет мерекеге керемет әншілер шақырып, қонақтарының көңілін көтеріп жүр. Мұны аңғарып, сол бағытта белсенділік танытып жүрген өнер адамдарының әндері де салт-дәстүрдің айналасында шырқалып, жас жұбайларға бақыт тілеумен жалғасып жатыр. Осындай әнді Астана тобы да өз репертуарына қосып, тіпті бейнебаян да шығарыпты. Той шашу деп аталатын әннің ырғағы көңілді, сөзі салиқалы.