Асанов Әділет - Махаббат жаза алмайды дертімді
Талай ақынның жүрегіне шабыт сыйлап, талай жігітті құрдымға кетіріп, талай сұлудың көз жасын көлдеткен махаббат деген ұлы сезімнің қандай тылсым күш екенін ешкім білмейді. Әйтеуір қос жүректің бір-біріне деген ынтызарлығы мен сүйіспеншілігі өзгелерден бөлек көрініп, сыйластықтары арта түседі. Алайда, ғашықтардың барлығы өздерінің сүйгендеріне қосылып бақытты болуы мүмкін емес. Бұл тағдырдың адам баласына берген сынақтарының бірі шығар, бәлкім. Біздің бүгінгі ұсынар жаңа бейнебаянымыз дәл осы махаббат тақырыбында болмақ. Асанов Әділеттің орындауындағы "Махаббат жаза алмайды дертімді" деген тамаша әннің мағынасын ғашықтарына қосыла алмаған жастар жақсы біледі...