Жолықтырған жолымда сендей жаққұтты
Жан жоқ шығар өмірд мендей бақытты
Ей алтыным аппағым айдай жарқыным
Бақыт іздеп басқамен қалай кездескем
Бақыттымын менде саған кездескен
Ей арысым ардағым биік намысым
Қайырмасы:
Жұбымыз жазылмасын мәңгілік
Кешейік күнімізді мәңгі қып
Ғашықтар деп нағыз бізді мәңгі бақи
Атымызды әуен етсін ән қылып
Мен келгенде өмірдің жартысы бей күн
Адал жаным өзіңсің арқа сүйейтін
Ей сұңқарым жаныма жарық төккен шуағым
Елжіреткен жанымды елігім менің
Өмірімнің мәні деп сені білемін
Ей сұлуым бұлақтай мөлдір тұнығым
Қайырмасы:
Жұбымыз жазылмасын мәңгілік
Кешейік күнімізді мәңгі қып
Ғашықтар деп нағыз бізді мәңгі бақи
Атымызды әуен етсін ән қылып
Бүгін оранып гүлге
Бірге бәрінде бірге
Қол жеткізе білейік
Бақытты өмір сүрейік
Қайырмасы:
Жұбымыз жазылмасын мәңгілік
Кешейік күнімізді мәңгі қып
Ғашықтар деп нағыз бізді мәңгі бақи
Атымызды әуен етсін ән қылып