Арман & Аша - Жараламағын
Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың бүгінгі таңдағы әрбір қадамы елді елең еткізер басты жаңалыққа айналды. Бірін-бірі сүйіп қосылған жұпқа қызыға да қызғана қарайтындар жетерлік. Өнер жолында танысып, бір отбасының берекесін арттыруға ниетті жұп дуэт болып ән айтып жүр. Тіпті олардың алғашқы бейнебаяны да қалың көрермен назарына жол тартты. Тоқтар мен Бейбіт, Бүркіт пен Аиша сынды жұптасқан ғашықтардың ізінен келе жатқан жас шаңырақтың әлі де болса асар асуы алда екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Бір-біріне деген махаббатын арттыру үшін "Жараламағын" деп жаңа әнін жарыққа шығарған жұптың өнерімен сіз де таныс болыңыз.