Амина Есімжан - Сол бір оқиға
Әні: Е. Таспаев
Сөзі: Е. Таспаев
Гүл керек
Оған одан бөлек су керек
Тапталып езілген жүрек
Айныған соң сыр береді
Қайтесің құз басына өрмелеп
Кетіп едік екі жаққа тентіреп
Ұзадың бірде-бір дерек
Мені мазалағаныңнан не көмек?
Сол бір оқиға қайтып
Қайтесің жараңды ұлғайтып
Мен бұрынғы мен емеспін енді өз-өзімді алдайтын
Неге өзіңді қинайсың
Түсінемін қимайсың
Сен бұрынғы сен емессің енді бір көргеннен баурайтын
Оу өкпелі
Көздерің сондай өкпелі
Сенің осынша үміттенгенің
Жоя алмайды нүктені
Қаншама рет қолыңды сілтедің
Үзілістеріміз бітпеді
Көргеніңдей бәрі де өтпелі
Тек қиялыңда ғана күт мені
Сол бір оқиға қайтып
Қайтесің жараңды ұлғайтып
Мен бұрынғы мен емеспін енді өз-өзімді алдайтын
Неге өзіңді қинайсың
Түсінемін қимайсың
Сен бұрынғы сен емессің енді бір көргеннен баурайтын