Аманғали Сыпабеков - Қыздар-ай, қыздар
Жануарлардың дауысын салып күллі қазаққа танымал болған Аманғали Сыпабеков өзін басқа қырынан танытып жүр. Бұған дейін "Ана" деп ән шырқаған жігіт талайдың жүрегін дір еткізгені белгілі. Ал енді, "Қыздар-ай, қыздар" деген ескі әуенді жаңа форматта өңдеп, эстрадаға қайтадан алып келген екен. "Бөріні қанша қолға ұстасаң да, орманға қарап ұлиды" демекші, өзінің шыққан тегін ұмытпаған "Базар жоқ" театрының актері жаңа бейнебаянын ауылда түсірген. Сюжет барысында жүгерімен өлең айтып талай сұлудың жүрегін жаралаған жұлдыз соңында өз теңін кездестіреді.