Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада, демекші әр ана өзінің сәбиін тоғыз ай құрсағында көтеріп, өлгенше алақанына салып жүреді. Ұл-қыздарының әрбір қуанышына ортақтасып, қайғысын тойтаруға әзір. Кейде, үйден жырақ кеткенде өзім би, өзім қожаға салынып алыстағы ата-ананың жағдайын білуді ұмытып кететін жастар қаншама. Ол кісілердің жүрегінің әрбір дүрсілі соғылған сайын балаларының қандай болып жүргеніне елеңдеп, хабар күтіп отырады. Өзі хабарласып қал-жағдайын білейін деген анаға, қолы тимеген баланың жекіп тастағанын қазіргі таңда көптеп кездестіреміз. Тіпті бұл туралы түрлі кино, деректі фильмдер де шығып жатыр. Әлішер Каримов өзінің жаңа әнін аналарға арнаған екен. Мама деп айтқан әні орысша болғанымен жүректің түбіндегі кішкентай анаға деген махаббатты оятары сөзсіз.