Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар Әлішер Каримовтың жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Cүйе білген бір бақыт атты жаңа туынды сапалы көріністерімен көздің жауын алады. Жаным деген жігітті жек көрмеңдер, өзі сүю қыздардың соры ғана деп Аққұштап Бақтыгереева айтқандай, өзін сүймеген серімен көңіл қосқысы келген сұлудың махаббаты соңында ойындағыдай болмай шығады. Қарапайымдылығымен жай ғана барлығын сырттан бақылап жүрген өзге бір ғашық азамат керемет әрекеттерімен сұлуды таңғалдырып, соңында арумен бірге қалады.