Әлжан Нұрлыбек - Мен сені қатты сүйіп қалдым

Мен де көз ілмей аңсап жүрмін,
Жүзіңді сағынып сенің.
Жалғыз болғаннан шаршап жүрмін,
Жүрегім жабығып менің.

Менен де бір кінә бар бірақ,
Жасырдым сезімді тәтті.
Мен сені жібермеймін жырақ,
Сүйген соң өзіңді қатты.

Қайырмасы:

Мен сені қатты сүйіп қалдым,
Дәл мендей сүйе алмас ешкім.
Сезімім өртеп күйіп жандым,
Неліктен мұңлы күй кештім?

Мен сені қатты сүйіп қалдым,
Дәл мендей сүйе алмас ешкім.
Сезімім өртеп күйіп жандым,
Неліктен мұңлы күй кештім?

Айтшы сендегі сезім қандай?
Көрейін көзіңнен бәрін.
Ессіз сүйемін есім қалмай,
Бір жауап өзіңнен жаным.

Арманым сол бақытты қылу,
Әйтпесе тағдырлар айық.
Маған да сыйласаңшы жылу,
Болсам мен жаныңа лайық.

Қайырмасы:

Мен сені қатты сүйіп қалдым,
Дәл мендей сүйе алмас ешкім.
Сезімім өртеп күйіп жандым,
Неліктен мұңлы күй кештім?

4 рет қайталанады



Бөлісу: