Алишер Каримов - Ла ла ла

Жұлдыз болу тек көгілдір экраннан көріну ғана емес, ол дәрежені абыроймен алып жүру керек. Кейбір әншілер қонған бақты көтере алмай күйіп жатса, өзгелері сабыр сақтап қарапайым қалпында қала береді. Сол сияқты Алишер Каримовтің де соңынан еріп, түрлі өсек шығарып, жолын бөгейтіндер де табылған секілді. "Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды" дегендей, Алишердің жаңа клипі сөзімізге арқау болды. "Ла ла ла" деп аталатын су жаңа клип әншінің артынан ерген сөзге пысқырмайтынын көрініспен жеткізіп тұрғандай.