Сырым бар ешкімге айта алмай қинаған жанды,
Жүректі тербеген сол жанға арнадым әнді.
Әзірге тек қана елесі болып тұр досы,
Тілерім сол жігіт қасымда болса екен мәңгі.
Еріксіз өзіне тартады тұлғалы сымбат,
Көңілім балқиды әсерлі дауысын тыңдап.
Бойына ойы сай осындай өрелі жанның,
Жігіттік намысын сақтаған болмысы қымбат.
Қайырмасы
Жаны айқын не деген жігіт,
Не деген жігіт, не деген жігіт,
Қарайтын төбеден күліп,
Биікте сенің өнегең жігіт.
Санасы көреген жігіт,
Қылықтыларды демеген жігіт.
Қарашы, Төлеген жігіт,
Сезімге мені бөлеген жігіт.
Қашанда сүйгенін сездіру қиын ғой бізге,
Ішкі ойым деп тұрады ешқашан үмітіңді үзбе.
Егер де сол жігіт бағым деп таңдаса мені,
Қандай жан екенін алдымен айтамын сізге.