Алау тобы өнер жолында қарыштап алға жылжып келеді. Өздерінің эстрада сахнасына жаңадан келгендеріне қарамастан, бірнеше бейнебаянын түсіріп үлгерді. Welcome to Kazakhstan-мен елімізді титтей де болса шет елге таныстыруға талпынған жас топ Гүл әпше деп оңтүстіктіңкөңілдіәнін орындап шықты. Мұнымен тоқтамаған алаулықтар өздерінің келесі бейнебаяндарын Тыңда деп, Санкт-Петербургке барып түсіріп келген екен. Баян Есентаеваның продюссерлігімен құрылғанboys-band әзірге сенімнен шығып келеді. Энергиясы мол топты болашақта түрлі конкурстардан көрсеңіздер таңғалмаңыздар. Себебі жас, әрі кез-келген биді жылдам үйреніп, бірдей әрекетті оңай жасайтын топтың мүмкіндігі мол.