Алашұлы - Сәйгүлік
Кездерде кейде қара бұлт айды бүктеген,
Үйіме үнсіз тұнжырап қайғырып келем.
Талықсып жатып содан соң кетемін ұйықтап,
Ұйықтап кетсем түсімде сәйгүлік көрем...
Қайырмасы:
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!
Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау.
Қай жаққа апарып көмермін қайғымды мынау.
– Өңіме қарай бір кезек, шаппайсың неге?
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..