Ақсың ба, сарысың ба, қарасың ба
Сенің де бар өз орның адамдар арасында
Өзің біл сөнесің бе, жанасың ба
Озасың ба әлде қаласың ба?
Тоздырып тебінгісін, тағасын да
Арманыңның арғымағын мініп шабасың ба
Өмірдің қайғысы мен наласын да
Жеңемін деп айта аласың ба?
Тоқтама сыналғанда
Аспан құлап кеткен жоқ, өмір әлі өткен жоқ
Адам ұлы арманға
Ешқашан да оңай жолмен жеткен жоқ
(Қайырмасы)
Биіктер биік екен
Жанына барғаныңша
Ұзақ жол қиын екен
Дамылдап алғаныңша
Өмірді сүйіп өтем
Дегейсің барда мұрша
Күйік те күйік екен
Ұмытып қалғаныңша
Дамылсыз тіршіліктің таласында
Бұлттардан өтемін деп қанатты қағасың ба
Тұрғанда түпсіз жардың жағасында
Тағы бір қадамға барасың ба?
Көтеріп шыға білсең дара шыңға
Күншілдердің табасын да, жалған жаласын да
Кездескен бар мен жоқтың арасында
Көресің ағы мен қарасын да
Тоқтама сыналғанда
Аспан құлап кеткен жоқ, өмір әлі өткен жоқ
Адам ұлы арманға
Ешқашан да оңай жолмен жеткен жоқ