Қай уақытта болмасын әр адамның сенімді бір досы болады. Қиындық пен қуанышты қатар бөліскен мұндай жандарға өле-өлгенше көмек беріп, жанын аямаған кездер көп. Дос деген ұғым аруларға қарағанда жігіттерге маңыздырақ. Ер азаматтың басына не келіп, не кетпейді. Сонау тарих қойнауынан бастап өзінің досын жырлаған талай боздақты білеміз. Бүгінде осы үрдіс жалғасын тапты. Туысқандығы жоқ, бауырың емес адамның сен дегенде алып-ұшып тұратыны қуантарлық жағдай. Аккорд тобының жігіттері де осы бір қасиетті ұғымды ардақтап, Достарыма деп ән шырқаған екен. Бір-бірін түсініп, талай естелікті баяндап отыратын барлығымыздың достарымыз аман болғай.