Ақбота Керімбекова - Жүрек сыры

Соңғы уақытта эстрада сахнасынан көрінбей кеткен Ақбота Керімбекованың тамаша әндерін қалың тыңдарманның сағынып қалғаны рас. Соңғы рет Мақпал Жүнісовамен қосыла ән шырқаған клипін көріп, жұртшылық ерекше дауысты әншінің өнеріне бір марқайып қалған болатын. Бүгінде шығармашылық тоқырауда жүр ме, әлде той бизнестен қолы тимей кетті ме, Ақбота Керімбекованы концерттер мен көк жәшіктерден жиі көре бермейміз. Талантты әншінің таңғажайып әндерін сағынып қалған жұртшылыққа "Жүрек сыры" атты әні мен бейнебаянын назарларыңызға ұсынамыз.