Ақансері & Жандос - Іздеме

Қазақ эстрадасына енді ғана аяқ басқан әншілердің репертуарлары мұңлы әндермен басталуда. Қазіргі жастардың жүректері жылдам елжірейтіндіктен бе, болмаса заман ағымына сай аянышты әуендердің жастарға керектігінен бе, әйтеуір қызы тастап құрдымға кеткен жігіттер мен жігіті жазым болып жесір қалған сұлулардың қатал тағдыры жиі суреттеліп жатады. Дәл осындай жүректі жылатып, сүйгенімен қоштасар мұңлы клипті Ақансері мен Жандос есімді әнші де түсірген екен. Төреғали Төреәлінің "Іздеме" атты әнін тыңдап бір шабыттанып алсаңыз, жаңа дуэттің "Іздемесін" естіп, көңіл-күйіңіз күрт өзгеруі мүмкін. Бірақ, өнер ештеңемен өлшенбегендіктен, туындының қалай шыққанына куә болуға болады.