Теледидардан берілетін көптеген бағдарламалардың тізгіні әншілердің қолында жүргені барлығымызға белгілі. Олардың журналистік білімі болмаса да, халық арасындағы танымалдығы көк жәшіктің көрілімін еселеуге қажет болып тұрғаны рас. Бұл да бір маркетингтік тәсілдің бірі. Оған қоса соңғы уақытта жас әншілердің бейнебаянына танымал адамдар түсуі де жиілеп кетті. Бірінің әкесі болып, біріне шеше атанып немесе сүйіктісіне айналған өзге өнер иелері бір-біріне демеу беріп, қолдау көрсетіп жүр. Алайда, көзбояушылық пен қалыпты көріністерден шаршаған көрермендер әрбір жұмыстан креатив іздейді. МысалыАғайындылар тобының орындауындағы Анама ұқсаған қыз атты бейнебаянға әкесінің рөлін Нысана театрының директоры Әбунасыр Серіков ойнаған. Осыған қатысты өз көзқарастарын білдірген көрермендері клиптің сапалы шыққаннын айтып, бірақ өз әке-шешесін неге түсірмейтінін де атап өткен екен. Сонымен аталған туынды сізге қалай әсер етеді екен?