Әділжан Омаров - Қызғанамын
Талайды таңғалдырған "Ринго" тобы соңғы уақытта шығармашылықты сәл бәсеңдеткен секілді. Алайда құрамындағы әнші жігіттер өздерін ары қарай дамытуды қолға алған секілді. Сымбатымен талай сұлудың жүрегін жаулап, ерекшелігімен елді тәнті еткен Әділжан Омаров "Қызғанамын" атты жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. Сүйген жанын қызғану, әрине, қалыпты жағдай. Бірақ, ол тым артық кетсе, өшпенділікке айналуы мүмкін. Сондықтан ұлы сезімнің әрбір қылын өз деңгейінде шерткен дұрыс. Сонымен назарларыңызға Әділжанның тың туындысын ұсынамыз.