Ай-ай-ай ая, сырларыңнан кел тағы жыя.
Сүйгендер дей беретін "иә".
Қайда сол тәтті кездер-ай .
Ай-ай-ай ая, қаламнан таусылмайтын сия.
Тамаша біздің ностальгия.
Қайда сол тәтті кездер-ай?
Тоқсан үш пен тоқсан төрт
Тоқсан бесте өскендер.
Тоқсан алты, жетіні
Бастарынан кешкендер.
Тоқсан сегіз, тоғызда
Тұсауларын кескендер.
Сол бір шақтар қайда?
Күндіз-түні асықпен
Фишка, сега ойнайтын,
Фея, фея перизат
Витаминге тоймайтын,
Сөйте тұра арманға
Жетуді көп ойлайтын
Сол бір шақтар қайда?
Ай-ай-ай ая, қаламнан таусылмайтын сия.
Тамаша біздің ностальгия.
Қайда сол тәтті кездер-ай?
Ай-ай-ай ая, сырларыңнан кел тағы жыя.
Сүйгендер дей беретін "иә".
Қайда сол тәтті кездер-ай.