Әділет Асанов - Көркемім

Желінің жаһанға жақсы тарауының арқасында көптеген көз жетпес жердегі оқиғалар әп сәтте көк жәшіктің ішінен табыла кетеді. Ғаламтордың жаман жақтарымен қоса жақсы жақтары бар екенін кей кісілер ұмытып жатады. Осы бір қондырғының арқасында талай өтіріктің бетпердесі шешіліп, шешімі жоқ шындықтардың шынайы бейнесін көріп жүрміз. Мұнымен қоса көпке танылмай жүрген таланттардың да біразы осы жерден көпшілікке танылып жатыр. Өздерінің бойындағы ерекше қасиеттерінің арқасында жұрттың жақсы пікірін естіп, кездескенде шырамытар адамдарының біріне айналып отыр. Эстрада сахнасына енді ғана аяқ басып, өзінің тамаша туындыларын тыңдарман қауымға жеткізіп жүрген Асанов Әділеттің "Көркемім" атты жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Дауыс ырғағы ерекше жігіттің әнін естігендер елең ете қалатыны сөзсіз. Сонымен, жаңа дауыс құлағыңыздың құрышын қалай қандырар екен?