Қазақ эстрадасының жұлдыздары шетел әндерін ұрлайтынын өздері бұған дейін де айтып келген. Орайын тауып, желіге жылдам түпнұсқасын салып жібергенді жаны сүйетін тыңдармандар кімді алдап жүрсіңдер? деп, шу шығарып жататынын барлығыңыз білесіздер. Алайда, көңіліңізге кірбің түсірмей, жаралы жанды емдеуге дауа болар тамаша әуенді орындаған әншінің мен әнді ұрладым деп жұртқа өзі жария қылғаны тағы жарамас. Ал, Әбдіжаппар Әлқожа өзінің ән ұрлағанын жасырмай, тіпті атауында солай берген екен. Ұрланған ән атты жаңа туынды өлеңнің сөзіне мән берсеңіз түрік жұртына тиесілі екені анықталады. Сонымен ұрлығын мойындап, қалың жұртқа өзі жария еткен жұлдызға қандай ой айтар едіңіз?