Әбдіжаппар Әлқожа - Мақпалым-ай
Мөлдір көзің теңіздей тұнық маған,
Кезім жоқ өзіңізден сыр ұқпаған.
Алыста жүрсең-дағы махаббатым,
Мен сені ұмытпағам, ұмытпағам.
Қайырмасы
Ай-ай-ай, Мақпалым-ай,
Ғашық болдым кірпігіңді қаққаныңа-ай.
Кербезденіп жүріп келе жатқаныңа-ай,
Періштедей сүйкімді сұлу қызды,
Өзгенің тіл-көзінен сақта Құдай.
Мен өзіме сене алмаймын, сене алмаймын,
Қайтадан бір өзіңді тапқаныма-ай.
Сыр шертейін кел жаныма келші бері,
Саған деген шексіз сезім бұл мендегі.
Сағыныштан алып-ұшып тұратын-ай,
Баурап алған адалдық қой ол сендегі.
Қайырмасы
Ай-ай-ай, Мақпалым-ай,
Ғашық болдым кірпігіңді қаққаныңа-ай.
Кербезденіп жүріп келе жатқаныңа-ай,
Періштедей сүйкімді сұлу қызды,
Өзгенің тіл-көзінен сақта Құдай.
Мен өзіме сене алмаймын, сене алмаймын,
Қайтадан бір өзіңді тапқаныма-ай.