Әбдіжаппар Әлқожа – Келесі кездесу

Сенделген салемдемелер

Жауапсыз хаттарда.

Сен жалғыз барып жүрмісің

Алмалы бақтарға?

Оралғым келіп жүр қайта

Сол ғажап шақтарға.

Сәлем айт, қалқатай

Алматылықтарға.

Қайырмасы

Кездескен күндер кешегі,

Тілдескен түндер  кешегі,

Бірге кескен сол бір көшені

Сағынам, сағынам.

Күтер ме сезім кемесі

Бәрі де бекер демеші,

Кездесу шешер келесі, жаным-ау.

Арамыз алшақ болған соң,

Жаулай ма мың күндік?

Өзіңе деген адалдық,

Мендегі – құндылық,

Сағыныш сезім пендегі

Тастайды жынды қып.

Күтер ме мені Алматым

Көк төбеден күн күліп.

Қайырмасы 

Кездескен күндер кешегі,

Тілдескен түндер  кешегі,

Бірге кескен сол бір көшені

Сағынам, сағынам.

Күтер ме сезім кемесі

Бәрі де бекер демеші,

Кездесу шешер келесі, жаным-ау.



Бөлісу: