Абай Бегей - Анашым
"Аспанға қараймын" әнімен жарқ етіп шыққан Абай Бегей соңғы уақытта сапалы әрі керемет бейнебаяндарымен ел есінде қалып жүр. Бұған дейін Куба еліне барып қос клиптің тұсауын кескен әнші бұл жолы "Анашым" деген әуезді әнге көрініс беруді жөн санаған екен. Бай жігіттің рөлінде ойнайтын Абай Бегей клипте өзінің сүйіктісі ретінде Әйкерім Қалаубаеваны таңдаған. Талғаммен түсірілген тың дүниені тамашалаңыздар.