Zoltan - Аққуым
Кейде жағдайдың байыбына бармай жатып асығыс шешім қабылдайтын кездер болады. Алайда, сол асығыс қабылданған шешімнен өзге біреу күйзеліп, күңіренгенін дәл сол уақытта ешкім де елемейді. Мұндай жағдайлар әсіресе қос ғашықтың арасында жиі болады. Қызғаныш отына жанып жүрген жан ғашығының қасынан өзге біреуді көргенде қандай әрекеттерге баратынын ешкім болжай алмайды. Себебі сол уақытта ойына не келсе, соны дұрыс деп шешеді. "Zoltan"-ның жаңа бейнебаяны бұл оқиғаның қандай боларын көзбен көруге мүмкіндік береді. "Аққуым" деп аялап жүрген жігіт сүйгенінің қасынан өзге біреуді көргендегі жағдайы сізді де бей-жай қалдыра қоймас.