Қыз-жігіттік кезеңдегі түрлі қиындықты бірге өткеріп, шаңырақ көтерген жұптың да арасынан қара мысық өтіп, бір-бірін тексеретін уақыт келеді. Жігіт пен қыз болып кездесіп жүрген кезіндегі махаббат үйленіп, отбасын құрғаннан кейін қаншалықты сақталатыны болмашы бір оқиғалардан кейін-ақ айқын бола бастайды. Осы орайда өзбекстандық Ziyoda атты әншінің Ikkimiz (Екеуміз) атты бейнебаянын назарларыңызға ұсынуды жөн санап отырмыз. Отағасы таңертеңмен телефонға телмірген әйелінің ұнамсыз қылығын көріп, басқа шаруасын ысырып тастап, әйелінің соңынан аңдудиды. Барлығына бір жақты ғана қараған жігіттің ашу-ызасы келіп, жұбайының бөгде еркектермен кездесіп жүргеніне қатты налиды. Басы салбырап, аяғы табалдырықты аттаған жігіт үйіне келгенде аң-таң болады. Оқиғаның соңын бейнеклиптен тамашалаңыздар.